Ливияда үкімет күштері көтерілісшілерге қарсы операция бастады

Ливия үкімет күштері әскери әуе базасын бақылауға алғандарын жариялады.

1384898
Ливияда үкімет күштері көтерілісшілерге қарсы операция бастады

Ливияның Ұлттық үкіметі бас қала Триполидің оңтүстігіндегі Хафтер күштеріне қарсы операция бастады.

Ливия Ұлттық үкіметі «Ашу вулканы» операциясы баспасөз орталығынан жасалған мәлімдемеде елдің шығысындағы заңсыз қарулы күштердің басшысы Халифа Хафтер күштеріне қарсы бүкіл майдандарда «Бейбітшілік дауылы операциясы» басталғанын жариялады.

Мәлімдемеде операцияның Хафтер күштері мен ақылы әскерлердің атысты тоқтатуды бұзып, Триполидегі азаматтық тұрғын аймақтарын зымыранмен нысанаға алғандары себепті басталғанын атап көрсетті.

Хафтер күштері кеше Триполидің оңтүстігінде Айн Зара аймағындағы түрмеге шабуылдаған және 3 қызметкерді жаралаған болатын. Соңғы 2 күнде бірдей аймаққа жасалған зымыран шабуылында 6 жазықсыз адам қаза тапөқан болатын.

«Бейбітшілік дауылы операциясы қолбасшысы генерал майор Усаме Джувейли Ливия Әскери әуе базасын бақылауға алғандарын және кейбір көтерілісшілерді де тұтқындағандарын жариялады.

Джувейли Хафтер күштерінің бітім шақыруына қарамастан Триполиге шабуылдарды жалғастырғандары себепті операция бастағандарын білдірді. Қолбасшы «Тұтқындалғандар арасында Ливияға шетелден келген ақылы әскерлер де бар» деді.

Әуе базасында ұсталған тұтқындар мен әуе базасының фотосуреттері твиттер және жергілікті баспасөз органдарында орын алды.



Ұқсас жаңалықтар