Жүздеген босқын газдан зардап шекті

Грекия қауіпсіздік күштері шекарада күткен босқындарға пластикалық оқ атты.

1382977
Жүздеген босқын газдан зардап шекті

Жүздеген босқын газдан зардап шекті.

Грекия қауіпсіздік күштері шекарада күткен босқындарға пластикалық оқ атты. Атылған оқтың біреуі бір босқынның көзіне тиді.

Грекия қауіпсіздік күштері босқындарға жәбір көрсетуде. Еуропа елдеріне өту мақсатымен шекарада күткен босқындарға Грекия қауіпсіздік күштері тағы көз жасаурататын газ бомбасымен шабуыл жасады. Жүздеген босқын газдан зардап шекті.

Грекия қауіпсіздік күштері тарапынан атылған пластикалық оқ бір босқынның көзіне тиді. Босқын ауыр жарақат алды. Бауырластары оны ауруханаға апарды.

Дәрігер бұл босқынның көру қабілетін жоғалтып алғанын айтты.

 

 

 


Этикеттер: #шекара , #босқын , #Грекия

Ұқсас жаңалықтар