Батыс елдерінде коронавирустың соңғы жағдайы

Италияда 3405 адам қайтыс болды.

1381636
Батыс елдерінде коронавирустың соңғы жағдайы

Жаңа типтегі коронавирус көп әсер еткен Италияда 3405 адам қайтыс болды. Олардың  13-і дәрігер. Осылайша Италия ең жоғары өлім мөлшері тіркелген ел болды. 

Елде  21 ақпан күні басталған эпидемияда жұқтырған оқиға саны 33190. Сауығып кеткендердің саны  4440 болды. Бұлардың біреуі жаңа туған нәресте. 

Жергілікті баспасөз қайтыс болған адамдарды жерлеуге уақыт жоқтығын, көптеген адамның жаназасының күтіп тұрғанын білдірді. 

Испания Денсаулықты сақтау министрлігі болса вирус себебімен қайтыс болғандардың санының бір күнде 30 пайыз артқанын хабарлады. Елде қайтыс болғандар саны 767ге жетті. Елде оқиға саны 17 147. 

Францияда жаңа типтегі коронавирустан қайтыс болғандар саны 372 адам деп хабарланды. Оқиға саны 10995.

Сонымен қатар президент Макрон еркін жүруді шектейтін режимді бұзғандарға наразылық білдіріп: “Кейбір адамдардың саябақ, пляж немесе базарға барғанын көрдім. Бұлар біздің айтқандарымызды түсінбеді” деді. 

Елдегі әлем көлеміндегі ең үлкен организациялардың бірі Канн фильм фестивалі де маусым айына қалдырылды. 

Сонымен қатар француз баспасөзінде орын алған хабарларға қарағанда үш дәрігер эпидемияға қарсы дер кезінде шара қолданбады деп премьер-министр Филиппе және өткен ай міндетінен кеткен Денсаулықты сақтау министрі жөнінде сотқа арыз берді. Медициналық қызметкерлер маскалардың жеткіліксіздігін де шағымданды. 

Нидерландыда соңғы 24 сағатта  18 адам вирустан қайтыс болды. Ұлттық Халық денсаулығы және қоршаған орта институты қайтыс болғандар санының 76 -ға, оқиға санының 2460-қа жеткені білдірді. 

Еуропа парламенті болса жаңа шаралар үшін 26 наурыз күні төтенше жиналады.  1-2 сәуір күндері өткізілу жоспарланған Бас ассамблеяның болмайтыны хабарланды.  ЕО Кеңесінен жасалған хабарламада да ЕО Лидерлер саммитінің де кешіктірілгені білдірілді. 

НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг вирус себебімен әскери жаттығулардың кешіктірілгенін немесе болмайтынын білдірді. Столтенберг: “Бұрын-соңды болмаған дағдарыс ішіндеміз. Бұдан бұрын да дағдарыстарды еңсердік.  Мұны да бірге еңсереміз” деді. 

Монако елі де Ханзада ІІ Алберттің коронавирус тестінің позитив шыққанын білдірді. 

Ұлыбританияда қайтыс болғандар саны 144 болды, оқиға саны да 3269-ға жетті.  Премьер-министр Борис Джонсон халық сақтық шараларына бағынса, коронавируста жағдайдың  12 аптада керісінше болатынын айтты. 

Америка Құрама Штаттарында 154 адам қайтыс болды. Жұқтырған оқиға саны  10755 . Америка жаһандық саяхат ескертуін төртінші деңгейге көтеріп, азаматтарына саяхаттамауларын, шетелдегілердің де елге оралуына кеңес берді. 

Колумбияда коронавируспен күрес шеңберінде елге барлық кірулер отыз күн бойы тоқтатылды.



Ұқсас жаңалықтар