Вирус салдарынан 8 мыңнан астам адам қайтыс болды

Киянуш Джиханпур мемлекетте 10 минут сайын бір адамның коронавирус салдарынан көз жұмғанын айтты.

1380925
Вирус салдарынан 8 мыңнан астам адам қайтыс болды

Вирус салдарынан 8 мыңнан астам адам қайтыс болды.

Желтоқсан айынан осы таңға дейін жаңа типті коронавирус«Covid-19» салдарынан көз жұмған адам саны 8 мыңнан асты. Оқиға саны 200 мыңға жетті.

Иран Денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдемешісі Киянуш Джиханпур мемлекетте 10 минут сайын бір адамның коронавирус салдарынан көз жұмғанын айтты.

Джиханпур өзінің twitter-парақшасында «Бір сағатта мөлшермен 50 адам вирус жұқтыруда» деген сөздер қолданды.

Палестина премьер-министрі Мухаммед Штайе вирус салдарынан жаулау астындағы Батыс Шерияның Бейтуллахим қаласында азаматтардың көшеге шығуына тыйым салғанын жариялады, Жаулау астындағы Батыс Шерияда оқиға саны 44-ке жетті.

Біріккен Араб Әмірліктерінде оқиға саны 113-ге шықты. Үкімет коронавирустың  таралуын тосу мақсатымен  азаматтардың шетелге шығуына тыйым салды.

Оқиға саны Катарда 452, Кувейтте 142, Сауд Арабиясында  67, Иорданияда 56, Оманда 39.

Израильде оқиға саны 433-ке жетті. Израиль президенті Реувен Ривлин Палестина мемлекет басшысы Махмуд Аббаспен телефон арқылы сөйлесті. Екі лидер телефондағы әңгіме барысында жаңа типті коронавируспен   күресу тақырыбын қолға алды.

Израиль сонымен қатар шетелдіктерді мемлекетке кіргізбейтінін де хабарлады.

Украинада депутат Шахановтың коронавирус жұқтырғаны  анықталды.   

Ресейде оқиға саны 147-ге жетті. Ресей премьер-министрі Михаил Мишустин вирус салдарынан Америка Құрама Штаттары, Біріккен Араб Әмірліктері және Ұлыбританияға жасалатын ұшақ рейстеріне шектеме қойылғанын білдірді.

Буркина-Фасо елінде жаңа типті коронавирус  «Covid-19» салдарынан алғаш рет бір адам көз жұмды.

Оқиға саны Беларусьта 51, Өзбекстанда 15, Қазақстанда 36.



Ұқсас жаңалықтар