Иранда коронавирус салдарынан көз жұмған адам саны 1 мың 135-ке ұласты

Ирак Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдемешісі әр 10 минутта бір адамның коронавирустан қайтыс болғанын жариялады.

1380977
Иранда коронавирус салдарынан көз жұмған адам саны 1 мың 135-ке ұласты

Ирак Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдемешісі Киянуш Джиһанпур елінде 10 минутта бір адамның жаңа тип коронавирус (Сovid-19) салдарынан көз жұмғанын білдірді.

Твиттерден жасаған мәлімдемесінде Джиһанпур «Иранда әр 10 минутта бір адам коронавирус салдарынан көз жұмады. 1 сағатта шамамен 50 адам коронавирусты жұқтырады» деді.

Джиһанпур азаматтарға Наурыз демалысында саяхатқа шықпау туралы ескерту жасады.

Бас қала Тегеранда Шүхедаи Пакдешт ауруханасы дәрігерлерінен Ширин Руханирад коронавирус салдарынан көз жұмды.

Иранда Сovid-19 эпидемиясы ортаға шыққан күннен бері 10 дәрігер мен 4 медбике көз жұмды.

Қытайда ортаға шыққан Сovid-19 Иранда алғаш рет 19 ақпан күні Құм қаласында байқалған, артынан ел көлемінде тараған болатын.

Иран Денсаулық сақтау министрлігі кешеден бастап, коронавирус салдарынан қайтыс болғандар санының 1 мың 135-ке ұласқанын, вирусты жұқтырған адам санының болса 17 мың 361 екенін жариялаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар