Иран мемлекет басшысы Хасан Руханиден әлем басшыларына шақыру

Иран мемлекет басшысы Хасан Рухани әлем басшыларын АҚШ санкцияларына бағынбауға шақырды.

1378396
Иран мемлекет басшысы Хасан Руханиден әлем басшыларына шақыру

Иран президенттік аппаратының мәлімдемесіне қарағанда Рухани әлем басшыларына жазған хатта жаңа коронавирус (Сovid-19) эпидемиясына қарсы күрес үшін аймақтық және жаһандық ортақ жұмыстануға қажеттілік бар екенін білдірді.

Коронавирус індетінің қауіпті және ауқымды екеніне назар аударған Рухани ешбір елдің дағдарысты жалғыз өзін басқара алмайтынын атап көрсетті.

АҚШ-тың Иранға санкциялары аясында 100 қадам басқанын, шамамен 1 мың 200 ирандық тұлға мен мекемені санкция тізіміне алғанын еске салған Рухани басшылардан АҚШ санкцияларына бағынбауларын және денсаулықпен байланысты ережелердің іске қосылуын талап етті.

Рухани санкциялардың Иран экономикасына 200 миллиард долларлық зиян келтіргенін және мұның халықаралық келісімдер мен гуманитарлық принциптерге қарама-қайшы екенін алға тартты.



Ұқсас жаңалықтар