Еуропа елдерінде оқиға саны күн сайын артуда

Италияда жаңа типті коронавирус «Covid-19» салдарынан көз жұмған адам саны 1 мыңнан асты.

1377666
Еуропа елдерінде оқиға саны күн сайын артуда

Еуропа елдерінде оқиға саны күн сайын артуда.

Қытайдың Ухан қаласында 12 желтоқсан күні шыққан жаңа типті коронавирус «Covid-19»  қысқа уақытта басқа қалалар мен елдерге тарады. Еуропа елдері де осы вирусқа шалдықты.

Италияда жаңа типті коронавирус «Covid-19» салдарынан көз жұмған адам саны 1 мыңнан асты. Италия премьер-министрі Джузеппе Конте коронавирус салдарынан ел көлемінде кешеден бастап мемлекеттік қызметтерін тысындағы барлық сауданың тоқтатылатынын жариялады.

Францияда жаңа типті коронавирустан көз жұмғандар саны 61-ге шықса, оқиға саны 2 мың  976-ға ұласты. Мектеп оқушылары 16 наурыздан бастап демалысқа шығатын болды.

Ұлыбританияда вирустан көз жұмған адам саны 10-ға,, оқиға саны да  590-ге шықты.

Премьер-министр Борис Джонсон ел көлемінде оқиға сандарының артатынын түсіндірді.

Америка Құрама Штаттарында жаңа типті коронавирус «Covid-19»  салдарынан қайтыс болған адам 39-ға жетсе, оқиға саны 1504-ке ұласты.

АҚШ Науқастарды бақылау және алдын алу орталығының (CDC) көрсеткіштеріне қарағанда «Covid-19» 50 штаттың 46-сына вирус  тарады.

АҚШ-та алдын алу шаралары қатайтылды. Ақ Үй, Конгресс және Қорғаныс Министрлігі ғимараттары жабылды.

Канадада оқиға саны 77-ге шықты.

Германияда коронавирус салдарынан көз жұмғандар саны да 6-ға жетсе, оқиға саны 2 мың 369-ға көтерілді.

Чех премьер-министрі Андрей Бабиш жаңа типті коронавирустың «Covid-19» алдын алу мақсатымен ел көлемінде «төтенше жағдай» жариялағанын мәлімдеді.



Ұқсас жаңалықтар