Пәкістанда Талибан операциясы

Бір подполковник қаза тапты,

1374788
Пәкістанда Талибан операциясы

Пәкістанның солтүстік батысында Пәкістан Талибанына бағытталған операцияда бір подполковник қаза тапты, екі террорист өлтірілді.

Пәкістан армиясы елдің солтүстік батысындағы Танк аймағына терроризммен күрес операциясы жүргізілгенін білдірді. Террористтердің аймақты қоршауға алған әскерлерге оқ жаудырғаны хабарланды. Бір подполковник қаза тауып,  екі террорист өлтірілді. Баспаналарға жасырылған көптеген қару мен оқ-дәрі тәркіленді.

Пәкістан Талибинаны бағытталған әскери операцияларда 2014 жылдан бері 5 мыңнан астам террорист залалсыздандырылды,  әуеден шабуыл,  қақтығыс және мина салдарынан 700 әскер қаза тапты.



Ұқсас жаңалықтар