Грек әскерлері босқындарға газ бомбаларымен шабуылдады

Грекия жасақтары шекарадан өтуге талпынған жазықсыз босқындарға көзді жасаурататын газбен шабуылдады.

1374012
Грек әскерлері босқындарға газ бомбаларымен шабуылдады

Грек әскерлері шекараны өтуге талпынған босқындарға көзді жасаурататын газ қолданды.

Эдирне шекара қақпасы арқылы Еуропаға  өту үшін күткен босқындар көзжасаурататын газ салдарынан науқастанды. Көптеген жазықсыз босқындар газдың тұманынан уланып, есінен танды. Тыныс жолдары бітеліп, есінен таңған нәрестелер мен балалар түрік денсаулық сақтау қызметкерлері тарапынан шекараға құрылған медицина орталықтарына  жеткізілді.

Грек әскерлері себкен көз жасаурататын газ денсаулық сақтау қызметкерлерінің жұмыстарына да кедергі жасады.

Күнімен жиі газ бомбасы тастап отырған грек жасақтары шекара бойынша босқындардың Еуропаға өтуіне рұқсат бермеді.



Ұқсас жаңалықтар