«Covid-19» оқиғасы барша әлемде  артуда

Испанияда жаңа типті  коронавирус «Covid-19» оқиға саны 261-ге жетті.

1373487
«Covid-19» оқиғасы барша әлемде  артуда

«Covid-19» оқиғасы барша әлемде  артуда.

Қытайда басталып, қысқа уақытта басқа қалалар мен елдерге тараған  жаңа типті  коронавирус «Covid-19» салдарынан қайтыс болғандардың саны Америка Құрама Штаттарында 12-ге, Францияда 6-ға, Испанияда 3-ке көтерілді.

Франция Денсаулық сақтау министрлігінен жасалған мәлімдемеге қарағанда «Covid-19» салдарынан қайтыс болғандардың саны 6-ға және оқиға саны 377-ге ұласты.

«Covid-19» оқиға саны Австрияда 40-қа, Германияда  349-ға жетті.

Испанияда жаңа типті  коронавирус «Covid-19» оқиға саны 261-ге жетті.

Мемлекетте кеше 99 жасындағы бір әйелдің қайтыс болуымен вирус салдарынан көз жұмғандар саны 3-ке шықты.

Ұлыбританияда да бір адамның коронавирустан қайтыс болғаны мәлімденді және осылайша мемлекетте  «Covid-19» салдарынан бірінші рет өлім тіркелді.

Швейцарияда  да вирустан алғаш рет бір адам көз жұмды. Оқиға саны 111-ге шықты.

Голландияда болса  «Covid-19» індетінен алғаш рет бір адам қайтыс болды және оқиға саны 38-ден 82-ге ұласты.

Италияда жаңа типті  коронавирустан «Covid-19» 148 адам көз жұмды және оқиға саны 3 мың 296-ге жетті.

«Covid-19» салдарынан 2 адам қайтыс болған Австралияда оқиға саны 61-ге, Жаңа Зеландияда болса 4-ке көтерілді.

Францияның Страсбург қаласында келесі апта өткізілуі жоспарланған Еуропа парламент жалпы кеңесі «Covid-19» салдарынан Бельгияның Брюссель қаласында ұйымдастырылады.



Ұқсас жаңалықтар