АҚШ Аракан мұсылмандарына көмек береді

Морган Ортагус Аракан мұсылмандарына берілетін көмек жөнінде жазбаша хабарлама жариялады.

1373265
АҚШ Аракан мұсылмандарына көмек береді

Америка Құрама Штаттары әкімшілігі Мьянмада елдерінен қуылған және Бангладешті паналаған Аракан мұсылмандары үшін 59 миллион доллар қосымша гуманитарлық көмек берілетінін білдірді.

Сыртқы істер министрлігі баспасөз хатшысы Морган Ортагус Мьянманың Аракан штатында қысым көріп, елдің басқа жерлерін және Бангладешті паналаған мұсылмандарға берілетін көмек жөнінде жазбаша хабарлама жариялады.

Аракан мұсылмандарына 59 миллион доллардан көп гуманитарлық көмек берілетінін білдірген Ортагус Араканда қырғын шыңына жеткен 2017 жылдың тамыз айынан бері жасалған гуманитарлық көмектің 820 миллион доллардан асқанын атап көрсетті.

Оның айтуынша осы көмек Аракан мұсылмандарының білім, жедел жағдай коммуникациясы, азық-түлік қауіпсіздігі,  медицина, баспана және қорғану секілді мұқтаждықтары үшін қолданылады.

Ортагус: «Мьянма әкімшілігін елдерінен күштеп көшірілген адамдардың өз еркімен сенімді түрде туған жерлеріне оралуын қамдайтын шарттарды қалыптастыруға шақырамыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар