Пәкістан премьер-министрі Түркияға көңіл атты

Пәкістан премьер-министрі халқының түрік ұлтымен ынтымақтастығын мықты түрде жалғастырғанын білдірді.

1371801
Пәкістан премьер-министрі Түркияға көңіл атты

Пәкістан премьер-министрі Режеп Тайып Ердоғанға Сирияның Идлиб аймағында режим күштерінің шабуылы нәтижесінде шәйіт болған түрік әскерлері үшін көңіл айтты.

Пәкістан премьер-министрлігі твиттер арқылы мәлімдемесіне қарағанда Премьер-министр Хан Түркия Республикасы президенті Ердоғанмен телефонда сөйлесіп, Пәкістанның Түркияға деген қолдауын қайталады.

Пәкістан премьер-министрі Имран Хан әңгіме барысында Пәкістан халқының бұл өкінішті кезеңде бауырлас түрік ұлтымен ынтымақтастығын мықты түрде жалғастырғанын білдірді.

Түркияның аймақтағы заңды қауіпсіздік және гуманитарлық уайымдары үшін қолдауын қайталаған Хан миллиондаған сириялыққа қонақжайлық жасауға қоса, Түркияның гуманитарлық жәрдемдерін мақтады.

Премьер-министр Хан халықаралық қоғамның Сириядағы қақтығысқа саяси шешім табу және гуманитарлық дағдарыс тақырыбында жауапкершілік алу  керектігіне назар аударды.

Хан Пәкістанға ұйымдастырған соңғы сапарында әсіресе парламенттегі баяндамасы және Джамму Кашмир тақырыбындағы ашық қолдауы мен мұсылман әлемінің үні болғаны үшін президент Ердоғанға алғысын айтты.



Ұқсас жаңалықтар