БҰҰ Грекияны "қатыгез" ұстанымнан бастартуға шақырды

БҰҰ Босқындар Жоғары комиссариаты Түркия-Грекия шекарасында қызуды түсіріп, тыныштық сақтауға шақырды.

1370732
БҰҰ Грекияны "қатыгез" ұстанымнан бастартуға шақырды

Біріккен Ұлттар Ұйымы Босқындар Жоғары комиссариаты (БҰҰБЖК) Грекияға өту үшін шекарадан өтуге әрекет жасаған босқындарға қарсы «шамадан тыс күш қолданудан немесе қатыгездіктен» бастартуға шақырды.

БҰҰ Босқындар Жоғары комиссариаты мәлімдемесінде «БҰҰБЖК Түркия мен Грекиядағы жаңалықтарды қадағалайды және қолдау ұсынады. Осылай жағдайларда болғандай, қорғаныссыз адамдардың қайғы-қасіретін арттыратын әртүрлі қимыл-әрекеттен бастарту аса маңызды» деді.

Мәлімдемеде Түркия-Грекия шекарасында қызуды түсіріп, тыныштық сақтауға шақыру тасталды.

Барлық елдердің шекараларын бақылау және заңсыз іс-қимылды басқару құқығы бар екені атап көрсетілген мәлімдемеде «Сондай-ақ шамадан тыс күш қолдану немесе қатыгездіктен бастарту және босқын талаптарын реттеулі түрде қолға алу үшін жүйені іске қосу керек» делінді.

Шекараларды өткісі келген заңсыз мигранттардың сириялық, ауғанстандық, ирандық, судандық және басқа ұлт өкілдері екені атап көрсетілген мәлімдемеде шекараға риск алып барғандар арасында әйел, бала және жанұялар бар екені білдірілді.

Мәлімдемеде Грекия сияқты шекаралары Еуроодаққа ашылған елдерді жалғыз қалдырмай, бұл елдерге Еуроодақтың қолдауды жалғастыру керектігі баса айтылды.

«Сондай-ақ қазір миллиондаған босқынға қонақжайлық жасаған Түркияға және Сирияға көрші елдерге жылдамдықпен халықаралық қолдау беру қажет» делінген мәлімдемеде Идлибте елді-мекендерінен кетуге мәжбүрленген шамамен 1 миллион жазықсыз адам үшін жедел қозғалу керектігі атап көрсетілді.



Ұқсас жаңалықтар