АҚШ: "Түркияға жәрдемді тездету керек"

АҚШ Сыртқы істер министрлігі Идлиб аймағындағы соңғы оқиғаларға байланысты Түркияға тез жәрдем беру керектігін білдірді.

1369137
АҚШ: "Түркияға жәрдемді тездету керек"

Америка Құрама Штаттары Сыртқы істер министрлігі Сирияның Идлиб аймағындағы соңғы оқиғаларға байланысты Түркияға тез жәрдем беру керектігін білдірді.

АҚШ Сыртқы істер министрлігінің жоғарғы лауазымдысы Идлибтегі оқиғалар жайлы мәлімдеме жасады.

АҚШ пен Түркия арасындағы ақпарат және әскери жабдықтарды бөлісу каналдарының ашық екенін білдірген лауазым иесі Идлибте Түркияға жылдам жәрдем берілетінін білдірді.

Идлибте ұйымдастырылған шабуылдарда режим және Ресей арасында қою ынтымақтастық болғанын баяндаған лауазым иесі режимнің аймаққа ұйымдастырған әуе шабуылдарын Ресейдің қолдауынсыз жасауының мүмкін емес екенін алға тартты.

Енді бір жағынан америкалық кейбір Конгресс мүшелері Асад режимі мен Ресейдің шабуылы астындағы Идлибте болған гуманитарлық трагедияға байланысты Түркиямен ынтымақтастық жасауға үндеу тастады.

АҚШ Сенатындағы республикашыл сенатор Tom Cotton және демократ сенатор Bob Menendez, Өкілдер мәжілісінің мүшесі Steny Hoyer Идлибтегі оқиғалар жайлы өздерінің twitter-парақшасында мәлімдеме жасады.

Идлибтегі адамдық трагедияға Ресей және Асад режимінің тікелей жауапкер екенін білдірген Cotton «НАТО ортағымыз Түркия дұрыс істеуде. Путин мен Асад уәдесінде тұрып, қырғынды тоқтатуы керек» деген сөздер қолданды.

Hoyer де Сирияда және Идлибте болғандарды «аянышты бір оқиға» деп түсіндірді.

Hoyer «Миллиондаған әйел мен баланың енді қашатын жері қалмады. АҚШ жай халықты қорғау үшін Түркиямен жұмыс істеуі керек. Тез әрекет жасаған жөн» деді.

Сенатор Menendez де бейсенбі күні Идлибтегі түрік шейіттеріне назар аударып «Түркия Сирияда үлкен шығынға душар болды» деген сөздер қолданды.

Menendez «АҚШ, Біріккен Ұлттар Ұйымы және одақтасымыз бастама жасаулары керек» деді.

 

 

 

 


Этикеттер: #Ресей , #жәрдем , #АҚШ , #НАТО

Ұқсас жаңалықтар