Иранда вирус салдарынан жұма намазы оқылмайтын болды

Иранда жаңа типті коронавирус (Сovid-19) салдарынан 23 провинцияда жұма намазы оқылмайтын болды.

1367923
Иранда вирус салдарынан жұма намазы оқылмайтын болды

Иранда жаңа типті коронавирус (Сovid-19) салдарынан 23 провинцияда жұма намазы оқылмайтын болды.

Иран жұма имамдары саясат белгілеу кеңесі тарапынан жасалған мәлімдемеге қарағанда Иранда 23 провинцияда жұма намазы оқылмайтын болды.

 Иран Денсаулық сақтау министрлігі халықпен байланысқа жауапты басшысы Киянус Джиханпур мемлекет көлемінде жаңа типті коронавирус (Сovid-19) салдарынан қайтыс болған адам санының 26-ға және оқиға санының да 245-ке шыққанын мәлімдеген еді.

Қытайдан кейін ең көп жаңа типті коронавирус (Сovid-19) тараған ел--Оңтүстік Корея. Оңтүстік Кореяда вирус тез тарауда.

Мемлекетте бір күн ішінде 505 жаңа оқиға анықталды. Ел көлемінде қайтыс болған адам саны 13. Ал вирус жұққандар саны 1 мың 700-ден асты.

Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ жаңа типті коронавирус (Сovid-19) салдарынан мектеп бағдарламасының дүйсенбі күннен бастап бір айлық үзіліс берілетінін айтты. Жапонияда жаңа типті коронавирустан (Сovid-19) 8 адам қайтыс болған еді.

Оқиға саны Иракта 7-ге,  Ливанда 3-ке жетті.

 

 



Ұқсас жаңалықтар