Коронавирус Иранға үрей тудыруда

Жаңа типті коронавирус (Сovid-19) барша әлемге таралуда.

1367542
Коронавирус Иранға үрей тудыруда

Жаңа типті коронавирус (Сovid-19) барша әлемге таралуда.

Иран ресми хабар агенттігі IRNA мемлекетте жаңа типті коронавирус (Сovid-19) салдарынан қайтыс болғандар санының 22-ге шыққанын және вирус жұққан адам санының да 141-ге жеткенін білдірді.

Сауд Арабиясы коронавирус салдарынан умра және туристік сапарларды уақытша тоқтатты.

Пәкістанда алғашқы жаңа типті коронавирус (Сovid-19) оқиғасы байқалды.

Кувейтте болса жаңа типті коронавирус (Сovid-19) салдарынан наурыз айының алғашқы 2 аптасы бойынша  білім беру бағдарламасына үзіліс бергені хабарланды.

Денсаулық сақтау министрлігі де Иранға саяхат жасаған адамдардың ішінде бір адамға жаңа типті коронавирус (Сovid-19) жұққанын және жалпы оқиға санының 26-ға ұласқанын білдірді.

Кувейт коронавирустан адамдардың қайтыс болуына орай Ираннан мөлшермен 800 азаматын еліне әкетті.

Ливанда болса жаңа типті коронавирус жұққан адам саны 2-ге шықты.

Енді бір жағынан Иордания әуе жолдары Италияда коронавирус салдарынан  12 адамның қаза болуына орай Амман –Рим рейстерін тоқтатты.

Бахрейн Денсаулық сақтау министрлігі бұдан бұрын елдегі жалпы ''Сovid-19"   эпидемиясы оқиға санының 26-ға шыққанын хабарлаған еді.

Ирак жаңа типті коронавирустың (Сovid-19) алдын алу үшін білім беру бағдарламасын 10 күн тоқтатты.

Сонымен қатар кинотеатр, кофе және ойын-сауық мекендердің ертеңнен бастап 7 наурызға дейін жабылуына шешім жасады.

Ирак азаматтарының Қытай, Иран, Жапония, Оңтүстік Корея, Тайланд, Сингапур, Италия, Кувейт және Бахрейнге баруына тыйым салынды.

Алғашқы коронавирус оқиғасы анықталған басқа бір ел-Грузия еді.

Грузия Еңбек, денсаулық сақтау және әлеуметтік істеріне жауапты министрі Экатерине Тикарадзе мемлекетінде алғашқы жаңа типті коронавирус (Сovid-19) оқиғасының анықталғанын жариялады.

Министр Тикарадзе «Ираннан Әзірбайжан арқылы алдыңғы күні елге қайтқан бір Грузия азаматының жаңа типті коронавирус (Сovid-19) болғаны анықталды» деді.

Жаңа типті коронавирус (Сovid-19) Қытайда 2 мың 746, Иранда 19, Италияда 12 және Оңтүстік Кореяда 11 адамның қайтыс болуына себеп болды.

 

 

 



Ұқсас жаңалықтар