Иран мемлекет басшысы мәлімдеме жасады

Хасан Рухани коронавирус індетінен жылдам тараған үрейдің «дұшпанның жоспары» екенін атап көрсетті.

1366930
Иран мемлекет басшысы мәлімдеме жасады

Иран мемлекет басшысы Хасан Рухани жаңа типтегі коронавирус (Сovid-19) індетінен жылдам тараған үрейдің «дұшпанның жоспары» екенін атап көрсетті.

Рухани бас қала Тегерандағы Коронавирустың алдын алу ұлттық орталығындағы жиналыста вирусқа қарсы қабылданған шаралар жайлы мәлімдемелер жасады.

Алғашқы күндерде ауруханаларға шағымданғандар санының көп екенін, дегенмен соңғы күндері мұның азайғанын және емделгендер санының артқанын тілге тиек еткен Рухани «Барлық мекемелер абай болуға тиісті. Қоғамда үрейдің тарауы және ел көлемінде демалыстардың жариялануы дұшпан қалаған нәрсе. Бәріміз жұмыстарымыздан қалмай істеуге тиістіміз» деді.

Рухани сондай-ақ сенбі күнінен бастап, әр нәрсенің өз қалпына түсетінін алға тартты.

Елде коронавирус індеті салдарынан қаза тапқандар саны 19-ға көтерілді. Жұқтырғандар саны болса 139 болып жарияланды.



Ұқсас жаңалықтар