Лавров Түркиямен келіссөзге дайындалғандарын айтты

Сергей Лавров Түркия мен Ресей арасында Идлиб мәселесіне байланысты жаңа бір қатар келіссөздер жүргізу үшін дайындықтар жасалғанын айтты.

1365526
Лавров Түркиямен келіссөзге дайындалғандарын айтты

Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Түркия мен Ресей арасында Идлиб мәселесіне байланысты жаңа бір қатар келіссөздер жүргізу үшін дайындықтар жасалғанын айтты.

Лавров Тәжікстан Сыртқы істер министрі Сиражиддин Мухриддинмен Мәскеуде кездескеннен кейін ұйымдастырылған баспасөз мәслихатында  Идлибтегі жағдайға тоқталды.

Түркия мен Ресей делегацияларының Идлиб жағдайына байланысты Анкара мен Мәскеуде кездесулер өткізгенін ескерткен Лавров:

"Қазір Идлибтегі жағдайға байланысты жаңа келіссөздер үшін дайындық жасалуда. Аталмыш келіссөздердің Идлибті шынында дағдарысты азайту аймағына айналдыруын үміт етеміз" деді.

АҚШ-тың мәлімдемелеріне назар аударған Лавров:

"АҚШ мәлімдемелерін тұңғыш рет естіп отырған жоқпыз және қабыл алынбайды" деді.



Ұқсас жаңалықтар