Ирактағы шабуылдар жалғасуда

Ирактың Бағдат және Дияла провинциясындағы шабуылдарда 4 адам қаза тапты.

1365421
Ирактағы шабуылдар жалғасуда

Ирактағы шабуылдар жалғасуда.

Ирактың Бағдат және Дияла провинциясында ұйымдастырылған қарулы шабуылдарда іштерінде қауіпсіздік қызметкерлері де бар 4 адам қаза тапты және 6 адам жарақат алды.

Бағдат полиция басқармасы тарапынан жасалған мәлімдемеге қарағанда қаланың оңтүстік-шығысында Бетул аймағында ұйымдастырылған шабуылда бір жол полициясы, қаланың шығысындағы Наср аймағында жасалған шабуылда болса бір адам қаза тапты.

Астананың шығысындағы Садр аймағында да мотоцикл қолданған қарулы шабуылшылар Білім беру министрлігінде міндет атқарған бір қызметкерді өлтірді.

Сонымен қатар қаланың оңтүстігіндегі Латифе аймағында болған жарылыста және Кераде аймағындағы қарулы шабуылда 3 адам жарақат алды.



Ұқсас жаңалықтар