Террорист кафеге алдын ала барып, тексерген

Нәсілшіл террористтің көріністері табылды.

1363715
Террорист кафеге алдын ала барып,  тексерген

Германияның Ханау қаласында алдынғы күні нәсілшіл лаңкестік жасаған Тобиас Р. атты террористтің қырғын салған кафеге 6 күн бұрын барып, барлау жүргізгені анықталды.

Кафенің қауіпсіздік камераларында террористтің жасыл киім және көк бас киім кигені көрінеді.

Террорист 15 ақпан күні кафеге барып,  танысқаннан кейін қырғынды жоспарлаған болуы керек.

Германияның Ханау қаласында екі кафеге лаңкестік жасалып,  9 адам қаза тапқан болатын.  Қаза тапқандардың бесеуі – түрік азаматтар.

Арнайы жасақтың операциясында 43 жасар террорист пен 72 жасар анасының денесі үйлерінде табылды.



Ұқсас жаңалықтар