Коронавирус салдарынан соңғы 24 сағатта 118 адам қайтыс болды

Әлем көлемінде вирус 76 мың 700 адамға жұқты.

1363639
Коронавирус салдарынан соңғы 24 сағатта 118 адам қайтыс болды

Қытайда жаңа коронавирус салдарынан соңғы 24 сағатта 118 адам қайтыс болды. Осылайша эпидемияда қайтыс болғандар саны 2 мың 238-ге жетті.

Ұлттық Денсаулық комитетінің деректеріне қарағанда,  елде нақты коронавирус оқиғасы – 75 мың 465. Олардың  11 мың 633-інің жағдайы ауыр.

Хубэй уәлаятына қарасты Ухан қаласында 12 желтоқсан күні шыққан Covid-19 вирусы қысқа уақытта басқа қалалар мен елдерге тарап,  Бүкіләлемдік Денсаулық ұйымы «төменше жағдай» жариялаған болатын.

Әлем көлемінде вирус 76 мың 700 адамға жұқты.

Сovid-19 вирусы анықталған елдердің өкілетті медициналық органдарынан жинақталған деректерге қарағанда,  науқас саны төмендегідей:

Жапония 727, Оңтүстік Корея 156, Сингапур 85, Тайланд 35, Малайзия 22, Aвстралия 17, Вьетнам 16, Германия 16, АҚШ 15, Франция 12, Ұлыбритания 9, Біріккен Араб Әмірліктері 9, Канада 8, Иран 5, Италия 3, Үндістан 3, Филиппин 3, Ресей 2, Испания 2, Непаль 1, Шри-Ланка 1, Камбоджа 1, Бельгия 1, Швеция 1, Финляндия 1, Мысыр1



Ұқсас жаңалықтар