Хафтер күштері газ қоймасын бомбалады

Қоймада өрт шықты.

1363871
Хафтер күштері газ қоймасын бомбалады

Ливия Ұлттық мұнай мекемесі елдің шығысындағы заңсыз қарулы күштердің басшысы Халифа Хафтердің сарбаздарының Триполиде бір сұйық газ қоймасына шабуылдағанын хабарлады.

Ұлттық Мұнай мекемесі жазбаша хабарлама жариялап, триполидің оңтүстігіндегі Брега Мұнай компаниясының газ қоймасына Хафтер күштерінің шабуылдағынын білдірді.

Қоймада шабуылдан кейін өрт шықты, адамдарға зиян тимегені айтылды.

Ливия Мұнай мекемесі басшысы Мұстафа Саналлах «Өкінішке орай мұнай және газ саламыз күн сайын жойылуда» деді.

Ливияда халықаралық қоғам мойындаған Ұлттық келісім үкіметі мен Хафтер күштері арасында шайқас жүріп жатыр.  Хафтерге қарасты сарбаздар 2019 жылдың сәуір айында Триполиді басып алу үшін шабуыл бастады.  Мұнайға бай Солтүстік Африка елі осылайша қақтығысқа итермеленді.

Халифа Хафтер 19 қаңтар күні Берлин конференциясында қабылданған бітімге қарамастан,  атысты тоқтатпай отыр.



Ұқсас жаңалықтар