Ауғанстанда Талибан әскери учаскеге шабуылдады

Ауғанстанда Талибан мүшелерінің әскери учаскеге шабуылында 5 әскер қаза тапты.

1360966
Ауғанстанда Талибан әскери учаскеге шабуылдады

Қорғаныс министрлігінен жасалған мәлімдемеде Талибан мүшелерінің Кундуз орталығындағы Шура Хак атындағы әскери учаскеге шабуылдағаны атап көрсетілді.

Шабуылда 5 әскердің қаза тапқанына назар аударылған  мәлімдемеде 3 әскердің жарақат алғаны, қосымша қауіпсіздік жасақтары аймаққа келген соң Талибан мүшелеріне тойтарыс берілгені білдірілді.

Кундуз Қалалық Мәжілісі төрағасының орынбасары Сафиуллах Амири болса шабуылда 15 қауіпсіздік қызметкерінің өлтірілгенін алға тартты.

Талибан жасаған мәлімдемеге қарағанда шабуылда 19 қауіпсіздік қызметкері залалсыздандырылды.



Ұқсас жаңалықтар