Ресейде тікұшақ апатында 2 кісі мерт болды

Ресейдің Ямало-Ненец автономиялық аймағында бір жолаушы тікұшағы құлады.

1359871
Ресейде тікұшақ апатында 2 кісі мерт болды

Ресейдің Ямало-Ненец автономиялық аймағында бір жолаушы тікұшағы құлады.

Тікұшақта 10 жолаушы болған. Оқиғада екі кісі қаза тапты.

Ресей Төтенше жағдайлар министрлігі МІ-8 типті тікұшақтың быт-шыт болғанын, 10 жолаушының екеуі тікұшақтың қалдықтары астында қысылып қалып жан бергенін жариялады. 

Ресейдегі жекеменшік авиация қызметін атқаратын Skol Airlines-ке қарасты болған тікұшақтың құлау себебі зерттелетіні білдірілді.

Тікұшақ апатында жараланған 8 кісінің емханада емделіп жатқаны хабарланды.



Ұқсас жаңалықтар