Трамп Қытайдағы коронавирус жайлы мәлімдеме жасады

Трамп сәуір айында күннің жылуымен Қытайдағы коронавирус індетінің де аяқталатынын алға тартты.

1357441
Трамп Қытайдағы коронавирус жайлы мәлімдеме жасады

Трамп Қытайдағы коронавирус жайлы мәлімдеме жасады.

Америка Құрама Штаттары президенті Дональд Трамп сәуір айында күннің жылуымен Қытайдағы коронавирус індетінің де аяқталатынын алға тартты.

Трамп Нью-Гэмпшир штатында ұйымдастырылатын  митинг қарсаңында Fox теледидарына АҚШ пен Қытай екі ел арасындағы қарым-қатынас және коронавирус индеті жайлы мәлімдеме жасады.

Қытайдың коронавирус індетімен қатты күрес жүргізгенін түсіндірген Трамп «Қытайдың таяуда вирусты бақылау астына алатынына сенемін. Сәуір айында ауа райының жылынуымен коронавирус та бітеді» деген сөздер қолданды.

Трамп АҚШ-тың коронавирус індеті пайда болған Қытайдың Ухан қаласына Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының дәрігер делегациясынан құралған бір делегацияның Қытайға жібергенін меңзеп «Қытаймен бірге жұмыс істеудеміз. Ол жерге ең жақсы мамандарымызды жіберудеміз» деді.

Қытаймен сауда келісімінің де екі ел қарым-қатынастарына үлес қосқанын білдірген Трамп келісімнен кейін Қытайдың АҚШ-қа құрмет көрсете бастағанын атап өтті.

Аталмыш келісімнің арқасында Қытайдың миллиард долларлық АҚШ өнімін қайтадан сатып ала бастағанын баяндаған Трамп «Қытай вирусты жою үшін көп жұмыс істеуде. Біз де олармен байланыс жасаудамыз» деді.

 

 



Ұқсас жаңалықтар