АҚШ Түркияның килігуіне қолдау көрсетуде

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі Идлибте артқан дағдарыс және қақтығыстарды қолға алу үшін жиналды.

1355243
АҚШ Түркияның килігуіне қолдау көрсетуде

.

Америка Құрама Штаттары Түркияның Идлибтегі заңды түрде килігу әрекетіне толық қолдау көрсетуде. 

Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесі Идлибте артқан дағдарыс және қақтығыстарды қолға алу үшін жиналды.

Америка Құрама Штаттарының БҰҰ-дағы  тұрақты өкілі Келли Найт  Крафт жасаған баяндамасында Идлибте режим, Хизбуллах және Ресейдің жалғастырған опасыз әскери шабуылдарын қатал айыптады.

Идлибтегі күйреудің жағдайына қарағанда әрі атысты тоқтату келісімі, әрі саяси шешім тақырыбында Ресей және режимге, сондай-ақ Астана процесіне сенбегендерін түсіндірген Крафт БҰҰ-ның Сириядағы арнайы өкілі Гейр Педерсенге жедел түрде атыстың тоқтатылуы жайлы үндеу тастады.

Крафт режимнің Идлибтегі түрік бақылау пунктеріне жасалған шабуылға байланысты «АҚШ Түркияның Идлибтегі заңды түрде килігу әрекетіне толық қолдау көрсетуде» деді.

БҰҰ-дағы Ұлыбританияның тұрақты өкілі Карен Пирс те Идлибте ұзақ уақыттан бері қырғынның жалғасқанын айтты.

 



Ұқсас жаңалықтар