Университеттер сабақты онлайн өткізеді

Ел көлемінде вирустан қайтыс болғандар саны 637-ге жетті.

1354892
Университеттер сабақты онлайн өткізеді

Қытай әкімшілігі Ухан қаласынан бастау алып тараған және жүз мыңдаған адамға әсер еткен коронавирустың одан әрі тарауының алдын алу үшін жаңа әдістер іске қосуда. Басшылық бірнеше аптадан бері білім беру тоқтап қалған университеттерде студенттердің онлайн сабақ алуын бастатты.

Қытай үкіметі 28 елге тараған вирустың одан да көп зиян тигізуін азайту мақсатымен қадам басуда.  Осы шеңберде ел көлемінде университеттер көктем маусымында «интернет үстінен сабақ» жүйесіне ауысады.

Кейбір университеттер студенттерге хабарлама жіберіп,  коронавирус салдарынан студенттерді бір жерге жинап, сабақ өткізудің мүмкін еместігін,  алайда білімнің қалыпты жағдайда жалғастырылуы, артта қалмау үшін интернет арқылы сабақ өтетінін білдірді.

Ел көлемінде вирустан қайтыс болғандар саны 637-ге жетті.  Вирус диагнозы қойылған адам саны – 31 мың 161.  Олардың ішінде 4 мың 821-інің жағдайы ауыр.

Вирустан сауығып шыққандар саны – мың 540.



Ұқсас жаңалықтар