АҚШ-та алғаш түрік текті полиция директоры тағайындалды

Патерсон полициясында 32 жылдан бері қызмет атқарған М. Ибрахим Байкора полиция директоры болып тағайындалды.

1353602
АҚШ-та алғаш түрік текті полиция директоры тағайындалды
abd-de-turk-emniyet-muduru.jpg

АҚШ-та алғаш рет түрік текті полиция директоры тағайындалды.

Патерсон полиция басқармасында 32 жылдан бері қызмет атқарған Ибрахим Майк Байкора Патерсон муниципалитетінде ұйымдастырылған ант беру рәсімінің артынан міндетін бастады.

Түркияның дипломатиялық өкілдеріне қоса Нью-Йорк және Нью-Джерсиде өмір сүретін түрік қоғамы мүшелері, Патерсон әкімшілігінің жоғары деңгейлі лауазымдылары Байкора жанұясының мүшелері мен достары қатысқан ант беру рәсімі АҚШ ұлттық әнұраны және дұғамен басталды.

Рәсімде баяндама жасаған Патерсон қала әкімі Андре Сайег «Байкора Патерсон қаласының алғашқы түрік, алғашқы мұсылман және химия инженерлігі білімі алған полиция директоры» деді.

Сайег Байкораның ұзақ жылдар полициядағы қажымас қайратына орай бұл мәртебеге қол жеткізгенін атап, «Байкора американ қиялы, бүгін қол жеткізген жетістіктері өзінің қол жеткізген жетістігі. Бұл Патерсонның жеңісі, Американы өзіне баспана қылған мигранттардың жеңісі» деді.

228 жылдық тарихи ғимарат алдында болып өткен рәсімде Байкора Құранға қолын қойып ант берді.

Байкора Патерсонның жарты ғасырлық үйі екенін, бұл қалаға қызмет еткені үшін бақытты болғанын мәлімдеді.

Рәсімнің артынан түрік тілінде оқылған дұғаның артынан құттықтауларды қабылдаған Байкора түрік болғаны үшін мақтанғанын атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар