АҚШ-тың Флорида штатында шіркеуге қарулы шабуыл жасалды

Виктория Сити шіркеуіндегі бір жаназа рәсімі кезінде қарулы шабуыл жасалды.

1351576
АҚШ-тың Флорида штатында шіркеуге қарулы шабуыл жасалды

АҚШ-тың Флорида штатына қарасты Ривьера Бич қаласында бір шіркеуге жасалған қарулы шабуылда екі адам қаза тапты, екі адам жарақат алды.

Ривьера Бичтегі Виктория Сити шіркеуіндегі бір жаназа рәсімі кезінде қарулы шабуыл жасалды.

Қалалық полиция орталығы мәлімдемесінде біреуі 15 жасар екі ер адамның қаза тауып, бір әйел мен бір жас өспірімнің де жарақат алғанын атап көрсетті.

Жаралылардың ауруханаға жеткізілгені аталып, шабуылдаушылармен байланысты кезкелген бір мәлімдеме жасалмады.



Ұқсас жаңалықтар