АҚШ-тың бейбітшілік жоспары Израильде протест етілді

АҚШ дайындаған және «Ғасырдың келісімі» деп аталған бейбітшілік жоспары Тель-Авивте протест етілді.

1351521
АҚШ-тың бейбітшілік жоспары Израильде протест етілді
israil baris plani karsiti gosteri1.jpg

Израильде жүздеген адам АҚШ дайындаған және «Ғасырдың келісімі» деп аталған бейбітшілік жоспарын протест етті.

Йедиот Ахронот газетінің интернет парақшасының хабарына қарағанда солшыл партия мен адам құқықтары ұйымдарының Тель-Авивде өткізген шеруіне қатысқан жүздеген израильдік үстінде араб және иврит тілінде жазылған «Тағы бір жол бар», «АҚШ-тың жоспарын қабылдамаймыз» және «Бейбітшілікті қабылдаймыз, аннексиялауға қарсымыз» жазылған плакаттар ашты.

Шеруге Мерец және Жұмысшы партиялары да қолдау берді.

Газеттің хабарына қарағанда Мерец партиясының депутаты Тамар Зандберг АҚШ президенті Дональд Трамптың жоспарының бейбітшілік емес, аннексиялау мен айдаудың жоспары екенін атап көрсетті.

Зандберг бейбітшілік жоспарының бір жақтың мүддесіне екіншісінің қарсы емес, керісінше Израиль мен Палестина әкімшілігі арасында келісім жасалып, солай дайындау керектігіне назар аударды.



Ұқсас жаңалықтар