Террор ұйымы Афринге шабуылдады

Африн аудан орталығына жасалған шабуылда 4 азамат жараланды.

1350246
Террор ұйымы Афринге шабуылдады

Сириядағы Телль-Рифат ауданында басқыншылығын жалғастырған YPG/PKK террор ұйымы «Зәйтүн бұтағы» операциясы аясында террордан тазаланған Африн аудан орталығына шабуыл жасады, 4 азамат жараланды.

YPG/PKK-лық террористтер Түркия мен Ресей арасында 2019 жылы 22 қазан күні қол қойылған келісімге сәйкес босатуға тиісті Телль-Рыфат аймағынан Африн аудан орталығына қарай көп тұмсықты зымырандармен шабуылдады.

Шабуылда 4 адам жарақат алды. Африннен «Зәйтүн бұтағы» операциясымен шығарылған YPG/PKK ауданның оңтүстік шығысындағы Телль-Рыфат аймағындағы басқыншылығын жалғастыруда.

Террор ұйымы Сирия ұлттық армиясының (SMO) бақылауындағы Африн мен Әзез қалаларында бейбіт елді-мекендерді жиі нысанаға алады.

Жуырда террористтер Сирия аумағындағы Әзез аудан орталығын Килиске қарама-қарсы 6 катюша (кеңес одағы өнімі көп тұмсықты зымыранмен) зымыранмен нысанаға алды және 10 тұрғын жарақат алған болатын.



Ұқсас жаңалықтар