АҚШ-тың Бейбітшілік жоспарына халықаралық қоғамнан наразылықтар артты

АҚШ президентінің кеше жариялағанТаяу Шығыс бейбітшілік жоспарына көптеген елден наразылық келді.

1349336
АҚШ-тың Бейбітшілік жоспарына халықаралық қоғамнан наразылықтар артты

Америка Құрама Штаттарының президенті Дональд Трамп кеше жариялаған Палестинаны жоятын Таяу Шығыс бейбітшілік жоспарына көптеген елден наразылық келді.

Иордания Палестинаның бөлшектенуіне жол ашатын жоспарға қарсы екенін жариялады.

Иордания Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесінде бас қаласы Шығыс Иерусалим болған бір Палестина мемлекетін құруды негізге алатын екі мемлекетті бір шешімнің жалғыз жол екені білдірілді.

Иран болса АҚШ президенті Трамптың мәлімдемесіне наразылық көрсетті.

Иран мемлекет басшысының кеңесшісі Хүсаметтин Ашина жоспарды зорлап міндеттеу және санкция жоспары ретінде бағалап, «Ғасыр сатқындығы сәтсіздікке ұшырайды» деді.

АҚШ-тық Демократ сенатор Крис Мерфи де «бейбітшілік жоспары» деп аталған Палестинаны бөлшектеу жоспарының бейбітшілік процесін ондаған жыл артқа қайтаратынын атап көрсетті.

Ресей атынан мәлімдемені президент Владимир Путиннің Таяу Шығыс және Африка арнайы өкілі Михаил Богданов жасады.

Жоспардың қарастырылғанын атап айтқан Богданов АҚШ-тың жоспары үшін шешімді АҚШ-тықтардың емес, қақтығысқан тараптардың қабылдайтынын білдірді.

Германия Сыртқы істер министрі Хайко Маас болса Трамптың Таяу Шығыс бейбітшілік жоспарын сынға алды.

«АҚШ-тың жоспары мәселе туғызады» деген Маас тек қана екі мемлекетті бір шешімнің тұрақты бейбітшілікті қамтамасыз ететінін білдірді.

БҰҰ Бас хатшылығының мәлімдемесінде болса Бас хатшы Антониу Гутеррештің Трамптың Таяу Шығыс жоспарына наразылық көрсеткені атап көрсетілді.

БҰҰ қарарлары, халықаралық заңдар, екі жақты келісімдер және 1967 жылғы шекаралар негізінде бейбіт түрде құрылатын екі мемлекетті бір шешімді қолдауды жалғастыратынын атап көрсетілген Гутерреш «БҰҰ-ның екі мемлекетті шешімге негізделген тұғыры Қауіпсіздік Кеңесі мен Бас ассамблеяның қарарларында көрсетілген» деді.

Еуроодақ Сыртқы қатынастар және Қауіпсіздік саясаттары Жоғары өкілі Джозеф Боррелл Палестина мен Израильдің заңды талаптарын қамтамасыз ететін екі мемлекетті шешім сұранысына назар аударды.

Араб одағы да Трамптың Таяу Шығыс Бейбітшілік жоспарын талқылау үшін сенбі күні министрлер деңгейінде кезектен тыс жиналуға шешім қабылдады.



Ұқсас жаңалықтар