Алжир ақпараты Ердоған сапарына тоқталды

Президент Режеп Тайып Ердоғанның Алжир сапары ел ақпаратында кең орын алды.

1348369
Алжир ақпараты Ердоған сапарына тоқталды

Президент Режеп Тайып Ердоғанның Алжир сапары ел ақпаратында кең орын алды.

Мемлекеттік "Әл-Мүжахит" газеті Ердоғанның Алжир сапарын оқырмандарына "Терең қарым-қатынастардың құрылуы үшін келісімдер" тақырыбымен хабарлады.

Сапардың екі ел арасындағы ынтымақтастық пен сауда мөлшерінде тың бейне жарататынын білдірген газет екі лидердің белгіленген нысаналар аясында ортақ мүдделерді қорғауға талпынатынын жазды.

"Әл-Хабар" газеті сапарды бірінші беттен "Теббун мен Ердоған Берлин конференциясы қорытынды мәлімдемесін атқаруға келісті. Алжир-Түркия қамқорлығында Ливияда бейбітшілікті қорғау беталысы" деп жеткізді.

"Әл-Ватан" газеті Ердоған сапарына "Алжир мен Анкара көзқарас айырмашылықтарына қарамай екі маңызды ортақ" деген тақырып қолданды. 

"Әл-Шурук" газетінің тақырыбы: "Түркия мен Алжир - жаңа күш".

 Алжир президентінің жақында Түркияға сапарлай баратынын білдірген "Әл-Шурук" газеті Ердоғанның: "Алжирмен қарым-қатынастарымызды ең жоғары өреге көтеруді қалаймыз" деген сөздерін оқырмандарымен бөлісті. 

"Әл-Билад" газеті "Алжир мен Түркия Ливия тақырыбындағы ұйымшылдықтың көрінісі" деп жазды.



Ұқсас жаңалықтар