Хамас "Ғасырлық келісім" жобасына қарсы

Хания: "Палестина-Ислам үмбетінің саудаласуға келмейтін және сатылмайтын құнды інжуі."

1348154
Хамас "Ғасырлық келісім" жобасына қарсы

Хамас Саяси басқармасының төрағасы Исмаил Хания АҚШ дайындаған "Ғасырлық келісім" жобасымен күресу жолдарын кездесу үшін палестиналық топтармен Мысырдың астанасы Каирде кезектен тыс жиналыс өткізуге дайын тұрғандарын хабарлады.

Исмаил Ханияның бөлімшесінен жасалған жазбаша мәлімдемеде "Ғасырлық келісім" жобасына мүлде қарсы болғандары және аталмыш күрестен әсте бас тартпайтындары дәріптелді.

Мәлімдемеде:

"АҚШ дайындаған "Ғасырлық келісім" жобасымен күресу жолдарын кездесу үшін Фатих қозғалысы және басқа палестиналық топтармен Мысырдың астанасы Каирде кезектен тыс жиналыс өткізуге, жол картасын белгілеуге, Иерусалим мен қасиетті мекендерімізді қорғау мақсатымен береке-бірлікке келуге дайынбыз" деп көрсетілді.

Аталмыш жобаның орындалмайтынын және жаңа бір "отаршылдық толқынының" табыссыз болатынын білдірген Исмаил Хания:

"Палестинаның Ислам үмбетінің саудаласуға келмейтін және сатылмайтын құнды інжуі" екенін тілге тиек етті.

АҚШ президенті Дональд Трамп Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяхумен Ақ Үйде 28 ақпанда өткізетін кездесуі алдында "Ғасырлық келісім" жобасын жариялайтынын хабарлаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар