"Хафтерге қарасты күштер бітімге бағынбайтынын дәлелдеді"

Ливия Ұлттық кеіссөз үкіметі Хафтердің бітім уәдесін орындамайтынын дәлелдегенін жариялады.

1348120
"Хафтерге қарасты күштер бітімге бағынбайтынын дәлелдеді"

Ливия Ұлттық Келіссөз үкіметі төңкерісшіл Халифе Хафтердің бітім уәдесін орындамайтынын дәлелдегенін жариялады.

Ұлттық Келіссөз үкіметі Мұхаммед Кануну жасаған жазбаша мәлімдемеде «Хафтерге қарасты қарулы топтардың берілген уәде мен бітімге бағынбайтынын дәлелдеді» деді.

Хафтерге қарасты күштердің Мисратаға соғыс ұшақтары қолдау берген құрлық шабуылы жасағаны атап көрсетілген мәлімдемеде Триполиде бомбалаудың қазір де жалғасқанын білдірді.

Мәлімдемеде «Қарулы күштеріміз Мысыр өндірген әскери құрал-саймандар мен оқ-дәріні қолға түсірді. Араларында шетелдіктер де бар көтерілісші ақылы жауынгерлер ұсталды. Осылардың кейбіреулері өртеніп жатқан көліктердің ішінде мәйіттерді тастап қашты» делінді.

Кануну мәлімдемесінде Мисратаның оңтүстігіндегі Әбу Кариннен шығыстағы Сиртеге дейін созылған аймақта жазықсыз адамдарға ақылы қарулы жауынгерлерге жақындамауы және өздерін жанды қалқан қылуға рұқсат бермеуін  ескертті.

Ливия Ұлттық келіссөз үкіметіне қарасты әскери мәлімдемеші алдында жасаған мәлімдемесінде Хафтерге қарасты қарулы көтерісші топтың Триполидегі жазықсыз адамдар өмір сүрген аумақтар мен Митига әуежайын ауыр қарулармен кездейсоқ бомбалауды жалғастырғанын жариялаған еді.

Ливияның Триполи қаласы 2019 жылдың 4 сәуір күнінен бастап Хафтерге қарасты қарулы топтардың шабуылдарына ұшырауда.



Ұқсас жаңалықтар