АҚШ-тың Ирактағы Өкілетті елшілігі ғимаратына зымыран құлады

Ирак премьер-министрі зымырандардың Жасыл аймақта орналасқан АҚШ өкілетті елшілігі ғимаратына құлағанын білдірді.

1348133
АҚШ-тың Ирактағы Өкілетті елшілігі ғимаратына зымыран құлады
Adil Abdulmehdi.jpg

Ирактың бас қаласы Бағдатта үкімет ғимараттары мен шетелдік өкілеттіктер орналасқан Жасыл аймаққа зымыран шабуылы жасалды.

Ирак премьер-министрі Әділ Абдулмехди 5 катюша зымыранының АҚШ-тың Ирактағы өкілетті елшілік ғимаратына құлағанын білдірді.

Ирак премьер-министрлік офисінің мәлімдемесіне қарағанда Абдулмехди «Шетелдік дипломатиялық өкілеттіктерге бағытталған зымыран шабуылы қайталанып, АҚШ өкілетті елшілігіне катюша зымыран құлады. Бұл опасыз шабуылды айыптаймыз. Қауіпсіздік күштерімізге шабуылдаушыларды ұстау үшін тапсырма берілді» деді.

Мұндай шабуылдардың Иракты қақтығыстық ортаға айналдыратынын ескерткен Абдулмехди елдегі шетелдік дипломатиялық өкілеттіктерді қорғау міндетіне бағынышты екендерін білдірді.

Ирак Қорғаныс министрлігінің бір қызметкері зымыран шабуылының артынан АҚШ-қа тиесілі әскери тікұшақтардың өкілетті елшілік комплексіне қонғанын атап көрсетті. Лауазымды тікұшақтармен жаралыларды әкетуі мүмкін екенін тілге тиек етті.



Ұқсас жаңалықтар