Жаңа коронавирус инфекциясынан опат болғандар саны 56-ға жетті

Қытай ел көлемінде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар санының 975 екенін жариялады.

1347488
Жаңа коронавирус инфекциясынан опат болғандар саны 56-ға жетті

Қытайдың Ухан қаласында ортаға шыққан және ел көлеміне тараған жаңа коронавирус (2019-nCoV) жұқпалы ауруынан 56 адам қаза тапты.

Ұлттық Денсаулық сақтау комиссиясының мәлімдемесіне қарағанда ел көлемінде коронавирус инфекциясы ықпал еткендер саны 324 ауыр күйде жалпы мың 975-ке ұласты.

Провинциялар мен қалаларға таралуына қарағанда Хубэйде 52, Хынанда 1, Хыбейде 1, Хэйлонгцианг 1 және Шанхайда 1 адам қаза тапты.

Вирус жұқтырғаны болжалған күдікті саны 2 мың 684 адамға ұласқаны білдірілді.

Комиссия соңғы 24 сағаттың ішінде 688 жаңа оқиғаның тіркелгенін растап, инфекциямен байланыста болған 21 мың 556 адамның медициналық бақылауға алынғанын жариялады.

Жұқтырған 49 адам болса емделіп, үйіне қайтарылды. Тікелей орталыққа қарасты қалалардан Пекин 51, Шанхайда 40, Чонгчингде 75, Тиенчинде 13 адам вирусты жұқтырды.

Провинцияларға қарағанда Хубэй 52, Сысиянг 104, Гуандонг 98, Хынанда болса 83 инфекцияны жұқтырған адам тіркелді.

Қытайдан тыс елдерге қарағанда коронавирус инфекциясы Тайландта 4, Жапонияда 2, Оңтүстік Кореяда 2, АҚШ-та 2, Вьетнамда 2, Сингапур 3, Малайзияда 3, Непалда 1, Францияда 3, Австралияда 1 адам жұқтырды.

Осыған қоса Жапонияда 1 және Тайландта 2 адамның емделгені білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар