"Түркия НАТО-ның маңызды одақтасы"

НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг Түркияның НАТО мүшелігінің маңызын түсінуге мәжбүр екенін айтты.

1346364
"Түркия НАТО-ның маңызды одақтасы"

НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг Түркияның НАТО мүшелігінің маңызын түсінуге мәжбүр екенін айтты.

Столтенберг Швейцарияның Давос қаласында ұйымдастырылған 50-ші кезекті Бүкіләлемдік Экономикалық форумда "НАТО-ның болашағы" тақырыпты отырыста баяндама жасады.

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу да қатысқан отырыста Түркияның S-400 әуеден қорғаныс жүйесін алуы және НАТО-ның интернет шабуылдарына қарсы дайындығы сияқты тақырыптар қаралды.

 Йенс Столтенберг Түркияның F-35  ұшақтары мен S-400 әуеден қорғаныс жүйесіне ие болуына байланысты алаңдаулар себепті жұмыс тобының құрылуы ұсынысы жөнінде президент Ердоған, АҚШ президенті Трамп және Чавушоғлумен кездесулер өткізгенін ескертті.

 НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг:

"Біз осы мәселені шешу үшін қолымыздан келген барлық істі істеуге дайынбыз" деді.

"Түркия көптеген себепке орай өте маңызды бір НАТО одақтасы. НАТО міндеттері мен операцияларына есе қосқан Түркия сонымен бірге ДАИШ-қа қарсы қол жеткен табысымызда маңызды рол атқарды" деп көрсетті НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг.



Ұқсас жаңалықтар