Хафтер күштері сөз тыңдар емес

Хафтер күштерінің зеңбірек шабуылында оқ мұнай танкерлеріне тиген, өрт шыққан және астана аспанын қара тұман басқан.

1344267
Хафтер күштері сөз тыңдар емес

Халықаралық заңдылыққа ие Ливия Ұлттық келісім үкіметіне қарасты күштердің Буркан Әл-Гадаб операциясы мәлімдемешісі Әл-Медени Анадолы агенттігіне жасаған мәлімдемесінде Хафтер күштерінің астананың оңтүстігіндегі Айн Зара, Селахаддин және Ресле шебінде орынсыз түрде зеңбірек және зымыран оғын атып, атысты тоқтату келісімін бұзғанын айтты.

Ливиядағы тараптар мен халықаралық қоғам жексенбі күні Германияның астанасы Берлинде бас қосып жатқан кезде Хафтер күштері Халлатат аймағында зеңбірек атып, келісімді бұзды.

Хафтер күштерінің зеңбірек шабуылында оқ мұнай танкерлеріне тиген, өрт шыққан және астана аспанын қара тұман басқан.

Хафтер күштері Берлин конференциясынан кейін де астананың Селахаддин аймағына зеңбірекпен шабуыл ұйымдастырған.



Ұқсас жаңалықтар