АҚШ президенті Дональд Трамп Давосқа аттанды

АҚШ президенті Дональд Трамп Бүкіләлемдік экономикалық форум үшін Швейцарияға аттанды.

1344428
АҚШ президенті Дональд Трамп Давосқа аттанды

Дональд Трамп Сенаттағы міндеттен босату процесінің алдында Бүкіләлемдік экономикалық форумға қатысу үшін Швейцарияға барды. Трамп Сенаттағы сот отырыстарының алғашқы екі күнінде Вашингтонда болмайды.

Трамптың Давос байланыстары жайлы Ақ Үйден жасалған жазбаша мәлімдемеде Трамптың осында Ирак президенті Берхем Салих, Пәкістан премьер-министрі Имран Хан, Ирак Аймақтық Күрд Әкімшілігі премьер-министрі Нечирван Барзани, Швейцария конфедерациясы төрағасы Симонетта Саммаруга, Еурокомиссия төрағасы Урсула Фон дер Лейен және Бүкіләлемдік экономикалық форумның құрушысы Клаус Швабпен оңаша кездесетіні атап көрсетілді.

Давоста алғашқы күн ашылу рәсімінде қатысшыларға үн қататын Трамптың АҚШ-пен саммитке қатысқан елдер арасында экономикалық қарым-қатынастар жайлы ауқымды бағалау жасауы күтіледі.

Трмаптың Иранмен әскери дағдарысының артынан АҚШ әскерлерінің елден шығарылуын талап еткен Ирактың президентімен бас қосуы да маңызды болып табылады.



Ұқсас жаңалықтар