Оппозиционердің баласын қамауға алды

Иранда үй қамауындағы оппозиция басшыларының бірі Каррубидің баласы қамауға алынды.

1340401
Оппозиционердің баласын қамауға алды

Иранда үй қамауындағы оппозиция басшыларының бірі Мехди Каррубидің баласы Хүсейін Карруби қамауға алынды.

Иранның Парсы ақпарат агенттігінің хабарына қарағанда,  Хүсейін Каррубиді қауіпсіздік күштері қамауға үйінен алды.  Ұлттық Сенім партиясының Орталық кеңесінің мүшесі болып қызмет ететін Каррубидің қамауға алыну себебінің 3 күннен бері жалғасып жатқан акцияларға қолдау бергені деп айтылды.

Иранда 2009 жылдың 12 маусым күні болған президенттік сайлаудың қорытындысына қарсы шыққан кандидаттардың бірі Мехди Карруби, Мир Хүсейін Мусеви және жұбайы Зухра Рахневерд сайлаудан кейін шыққан оқиғаларға қолдау көрсетті деген себеппен үй қамауына алынған болатын.

Елдегі реформистер аталмыш тұлғалардың 2011 жылдан бері ешбір сот үкімінсіз үй қамауында отыруының заңға қайшы екенін алға тартуда.



Ұқсас жаңалықтар