Ирандағы Ұлыбритания өкілетті елшілігінің жабылуы мүмкін

Иран Сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жасады.

1340528
Ирандағы Ұлыбритания өкілетті елшілігінің жабылуы мүмкін

Иран Ұлыбританияның өкілетті елшісі Роб Макайрдың оқиғаларға араласуды жалғастырған жағдайда, елшілік ғимаратын жабатындарын ескертті.

Иран Сыртқы істер министрлігінен жасалған мәлімдемеде Макайрдың режимге қарсы шеруге қатысуының заңсыз және дипломатияға қарама-қайшы екенін атап, «Иран Макайрдың елдегі бір шеруге күдік туғызатындай қатысуы мен ағылшын мекемелерінің жағымсыз мәлімдемелерін қатаң түрде айыптаймыз» делінді.

Ағылшын лауазымдылардың Касым Сүлейманидің өлтірілуімен байланысты сөздерінің АҚШ басқан қадаммен ортақ деген мағынаға келгені алға тартылды.

Мәлімдемеде Макайрдың Тегерандағы шеруге қатысуының Иранның ішкі істеріне араласу деген мағынаға келгені баса айтылып, ескерту жасалды.



Ұқсас жаңалықтар