"Даулы тараптардың елімізді соғыс майданына айналдыруын қабылдамаймыз"

Ирак президенті Берхем Салих мәлімдеме жасады.

1337567
"Даулы тараптардың елімізді соғыс майданына айналдыруын қабылдамаймыз"

Ирак президенті Берхем Салих Иранның АҚШ әскери базаларына бағытталған шабуылды айыптап, «даулы тараптардың елін соғыс майданына айналдыруын қабылдамайтынын» атап көрсетті.

Иранның Ирактағы АҚШ нысаналарына шабуылымен байланысты жазбаша мәлімдемесінде «Аймақтағы қауіпті жаңалықтарды алаңдаушылықпен қадағалағандарын» еске салған Берхем Салих «Ирак топырағындағы әскери бекіністерді нысанаға алған Иран шабуылын айыптаймыз» деді.

Салих шабуылдардың Ирактың егемендігіне бағытталғанын атап, «даулы тараптардың елімізді соғыс майданына айналдыруын қабылдамаймыз» деді.

Ирак Түрікмен майданы болса елдің «АҚШ пен Иран соғысқан майданға» айналуының ең көп түрікмендерге ықпал ететінін атап көрсетті.

Иранның Ислам революциясы сақшылары кеше кешкі уақытта АҚШ-тың Ирактағы Айн әл-Асад әуе базасына баллистикалық ондаған зымыранмен шабуылдаған болатын. Иран шабуылда кем дегенде 80 АҚШ-тықтың өлтірілгенін алға тартқан еді.



Ұқсас жаңалықтар