"Аймақ АҚШ үшін екінші Вьетнам болады"

Велаяти Сүлейманидің Путинмен жақын байланысы болғанын және Иран-Ресей коалициясының жаратушысы екенін білдірді.

1335491
"Аймақ АҚШ үшін екінші Вьетнам болады"

Иран лидері Али Хаменеидің Халықаралық байланыстар кеңесшісі Али Акбар Велаяти АҚШ-тың аймақтан кетуі керектігін, кетпейтін болса бұл географияның екінші бір Вьетнамға айналатынын айтты.

Фарс хабар агенттігінің білдіруіне қарағанда Тегерандағы Шәйіт Бехешти университетінде ұйымдастырылған Сүлейманиді еске алу бағдарламасына қатысқан Велаяти осындағы сөзінде:

"Америкалықтар Сүлейманиді өлтіру арқылы ақымақтық істеді. Аймақтан кетулері керек. АҚШ аймақтан кетпесе олар үшін екінші  Вьетнам болады" деді.

Велаяти сонымен бірге Сүлейманидің Ресей президенті Владимир Путинмен жақын байланысы болғанын және Иран-Ресей коалициясының да жаратушысы екенін білдірді.



Ұқсас жаңалықтар