Сүлейманидің орнына Каани тағайындалды

Касым Сүлейманидің орнына орынбасары генерал Исмаил Каани тағайындалды.

1334285
Сүлейманидің орнына Каани тағайындалды

Иракта АҚШ шабуылында қаза тапқан Иран Төңкеріс Сарбаздары армиясына қарасты Иерусалим күшінің қолбасшысы Касым Сүлейманидің орнына орынбасары генерал Исмаил Каани тағайындалды.

Иран ресми хабар агенттігі ИРНА-ның хабарына қарағанда елдің лидері Али Хаменеи Сүлейманидің орнына орынбасары генерал Исмаиыл Кааниді тағайындады. 

Каани Иран-Ирак соғысында Наср-5 және Имам Рыза-21 бригадаларының қолбасшысы болған.

АҚШ Қорғаныс министрлігі (Пентагон) Сүлеймани мен Мүхендистің Бағдат Әуежайына ұйымдастырылған шабуылда өлтірілгенін хабарлаған болатын.

Иран лидері Али Хаменеи оқиғадан кейін жасаған мәлімдемесінде:

"Сүлейманидің қайтуымен оның жұмыстары тоқтап қалмайды және жолы бітелмейді. Қылмыстыларды ауыр бір өш алу күтіп тұр" деп көрсеткен.  



Ұқсас жаңалықтар