Үндістанда бір айда 100 сәби шетінеді

Үндістанның Ракастан уәлаятындағы бір емханада желтоқсан айында 100 сәби шетінеді.

1333663
Үндістанда бір айда 100 сәби шетінеді

Үндістанның Ракастан уәлаятындағы бір емханада желтоқсан айында 100 сәби шетінеді.

Жергілікті ақпараттың хабарына қарағанда уәлаят астанасы Джайпурдағы Кота емханасы лауазымдылары желтоқсан айының соңғы екі күнінде 9 сәбидің шетінеп кеткенін жеткізді.

Емхана басшысы дәрігер Сусеш Дулара желтоқсан айында жалпы 100 сәбидің көз жұмғанын білдірді.

Дулара 2018 жылы желтоқсан айында да емханада 77 сәби шетінегенін айтты.

Билік басындағы Үндістан Халық партиясы мүшелерінен құралған бір делегация емханада зерттеу жүргізген, бір төсекте 2-3 бала жатқанын, медбикелердің де жеткілікті емес екенін анықтаған.

Балалар Құқығын қорғау ұлттық комиссиясы 23-24 желтоқсанда 10 сәби өлімімен назар аударған емхананың бақшасына доңыздар кіргенін хабарлаған.

Уәлаят әкімшілігі емханадағы барлық медициналық жабдықтарды толық тексеруге бұйрық берді.



Ұқсас жаңалықтар