Суданда әскери жүк ұшағы құлады

Суданның Батыс Дарфур уәлаятында әскери ұшақтың құлауы салдарынан 18 адам қаза тапты.

1334283
Суданда әскери жүк ұшағы құлады

Армия мәлімдемешісі Амир Мұхаммед «Antonov-12» типі әскери жүк ұшағының Джунейне әуежайынан көтерілгеннен 5 минут өткен соң құлағанын және ұшақтағы 18 адамның қаза тапқанын білдірді.

Мұхаммед ұшаққа мінген 7 экипажға қоса 4 бала, барлығы 11 жазықсыз адамның қаза тапқанын білдірді.

Үкімет мәлімдемешісі Файсал Мұхаммед Салих мемлекеттік телеарнаға жасаған мәлімдемеде әскери ұшақтың Батыс Дарфур уәлаятының Джунейне қаласындағы Джунейне әуежайынан көтерілгеннен қысқа уақыт өткен соң құлағанын және ұшаққа мінген 18 адамның қаза тапқанын білдірді.

Салих ұшақта үкімет немесе армияға мүше жоғары деңгейлі лауазымды болмағанын атап көрсетті.

Соңғы 4 күннің ішінде ондаған адам қаза тапқан ру тайпалар арасындағы қақтығыстармен күн тәртібіне келген қалада үкімет пен армия лауазымдылары тергеу жұмыстары жүргізетін.



Ұқсас жаңалықтар