Тайваньда бас штаб басқармасы төрағасы мінген тікұшақ құлады

Тікұшақ апатында Бас штаб басқармасы төрағасына қоса Әуе күштері қолбасшысының да қаза тапқаны білдірілді.

1333386
Тайваньда бас штаб басқармасы төрағасы мінген тікұшақ құлады

Тайваньда әскери лауазымдылар мінген тікұшақтың құлауы салдарынан Бас штаб басқармасы төрағасы Шен Йи-минг қаза тапты.

Тайвань Орталық хабар агенттігі Қорғаныс министрлігінің мәлімдемесін негізге ала отырып жариялаған хабарында апат кезінде араларында Бас штаб басқармасы төрағасы Шен Йи-мингке қоса Әуе күштері қолбасшысы Хсийунг Хоу-ши де бар 8 адамның қаза тапқанын білдірді.

Хабарда «UH-60M Black Hawk» типі бір тікұшақтың Жаңа Тайбейге қарасты Вулай ауданының таулы аймағына құлағаны атап көрсетілді.

Азанғы уақытта болған апаттың артынан тікұшаққа мінген 13 адамнан бесеуінің құтқарылғаны атап көрсетілген хабарда тікұшақтың таулық алаңға құламай тұрғанда жергілікті уақытпен 08.07-де радардан жоғалғаны білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар