Могадишодағы шабуылды Аш-Шабаб террор ұйымы мойындады

Аш-Шабаб мәлімдемешісінің шабуылды мойындаған үн таспасы жарияланды.

1332184
Могадишодағы шабуылды Аш-Шабаб террор ұйымы мойындады

Сомалидің бас қаласы Могадишодағы бомбалы шабуылды террор ұйымы Аш-Шабаб  мойындады.

Ұйымның «Сомали Мимо» атты интернет парақшасында орын алған және Аш-Шабаб мәлімдемешісіне тиесілі екені алға тартылған үн таспамен шабуыл мойындалды.

Могадишода сенбі күні жасалған бомбалы шабуылда араларында 2 түрік азаматы да бар 81 адам қаза тапқан болатын.

Түркия Денсаулық сақтау министрлігі шабуылдың артынан жаралыларды емдеу мақсатты жұмыс тобы құрып, бұл аяда Ұлттық Медициналық құтқару тобы мен хирургиялық қызметкерлерден тұратын 20 адамды Сомалиге жіберген еді.

Жарылыста қаза тапқан 2 түрік азаматы мен ауыр күйдегі жаралы 16 сомалилік Түркияға әкелінген болатын.



Ұқсас жаңалықтар