Идлибте соңғы екі күнде 10 мың адам қоныс аударды

Сирияда қараша айынан осы таңға дейін кем дегенде 215 мың адам қоныс аударды.

1328867
Идлибте соңғы екі күнде 10 мың адам қоныс аударды

Идлибте соңғы екі күнде 10 мың адам қоныс аударды.

Сирияда Башар Асад режим күштері мен Ресейдің Идлиб дағдарысын азайту аймағына жасаған шабуылдары кесірінен соңғы екі күнде 10 мың адам қоныс аударды.

Қараша айынан осы таңға дейін кем дегенде 215 мың адам Сирия мен Түркия шекарасы желісіне жақын аймақтарға көшуде.

Идлиб дағдарысты азайту аймағында қоныс аударған халыққа байланысты санақтар жинаған  Сирия координаторы Мұхаммед Халладж бұл туралы мағлұмат берді. Халладждың мағлұматына қарағанда Асад армиясы және Иран қолдауындағы шетелдік террорист топтардан құралған режим күштері мен ресейдің шабуылы салдарынан соңғы екі күнде 10 мың адам Түркия шекарасы маңына көшіп келді.  

Осылайша қараша айынан осы таңға дейін кем дегенде 215 мың адам қоныс аударды.



Ұқсас жаңалықтар